Сағат 14:59-да тіркелген бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,8. Магнитудасы MPV 4.6. Тереңдігі 5 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген Алматы қаласы ӘҚҰ кезекші операторының хабарламасында.
Сағат 17:20-да тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1 110 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. Магнитудасы MPV 5.3. Тереңдігі 35 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген Алматы қаласы ӘҚҰ кезекші операторының хабарламасында.