АСТАНА. KAZINFORM – «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша 15 сағат 55 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің координаттары:
– Солтүстік ендік: 40.462
– Шығыс бойлық: 63.177
Жер сілкінісі ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1184 км жерде орналасқан.
Есептелген қарқындылық (балмен): Сезілген жоқ.
Қазақстандық сейсмологтер Тәжікстан аумағында тағы жер сілкінісін тіркегенін жазған болатынбыз.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.