АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақытымен сағат 11:22-де жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағының бағыты: 36.421 с.е. 69.151 ш.б.
Ошақ Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1005 км қашықтықта Ауғанстан аумағында жатыр.
Осыған дейін Аляскада қуатты жер сілкінісі болғаны, цунами қаупі бар екені туралы жаздық.
Сондай-ақ сейсмологтер Алматыдан 379 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.