Жекелей сында Александр Пасхалиди пневматикалық винтовкада 10 метр қашықтықта R1 дисциплинасында 236,2 ұпай жинап, Әлем кубогының жеңімпазы атанды.
Оған қоса, ерлер арасында пневматикалық винтовкада (10 метр) командалық жарыста R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов, Ардақ Отарбаев пен Арсен Мұратов 1847.5 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында R2 дисциплинада Әйгерім Төлегенова, Анна Довгелевич пен Ұлболсын Құсайнова 1820.7 ұпай санымен қола медаль жеңіп алды.
Пневматикалық тапаншадан Р6 дисциплинасында командалық миксте сынға түскен Александр Пасхалиди мен Айсұлу Мұқашбекова 398.3 ұпай көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, пара оқ атудан әлем кубогы 24-29 шілде аралығында өтті. Жарысқа 51 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Аталмыш бәсекеде ел намысын 17 спортшы 61 дисциплинада қорғады.
Еске салайық, бұған дейін Оралда өтіп жатқан ел чемпионатында классика және компаунд бәсекелері бойынша ересек, U29 және U21 санаты бойынша финалистер белгілі болған еді.