Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл кезеңде отандастарымыз Индонезия жұбына қарсы ойнаған.
Кездесу Қазақстан құрамасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Осылайша, Яковлев пен Богату Азия чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның екі спортшысы жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/8 финалына шыққанын хабарлаған едік.