Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 18 медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері қатарында Самирхон Абабакиров (63 келіге дейін), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Айша Әділбекқызы (62 келіге дейін) және Назым Махмұтова (73 келіге дейін) бар.
Күміс жүлдені Тамирлан Тілеулес (58 келіге дейін), Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін), Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Нодира Ахмедова (53 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) иеленді.
Қола медальді Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары), Нұрайым Жұмабек (49 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Аружан Найманбаева (67 келіге дейін), Нұрлы Кеңесбек (73 келіге дейін) және Ақсәуле Ерқасымова (73 келіден жоғары) жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, бүгін, 23 маусымда жастар құрамалары арасындағы жарыстар өтеді.
Елордада таеквондодан Алтай Одағы чемпионатының ашылу салтанаты өткенін жазған едік.
Айта кетейік, Астана 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды.