АСТАНА. KAZINFORM — Германияның Гамбург қаласында таеквондодан German Open G1 ашық халықаралық турнирі өтеді.
Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының таеквондошылары да қатысады.
Германияда ел намысын Марғұлан Маратұлы (58 келіге дейін), Батый Абдулхамит (63 келіге дейін), Нодира Ахмедова (54 келіге дейін), Аида Тәукенова (67 келіге дейін) қорғайды.
Айта кетейік, жарыс 19-20 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарындағы жарысты бастағанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Түрлі ақпараттық порталда журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.