АЛМАТЫ. KAZINFORM – Танымал қазақстандық актер Шәріп Серік желідегі видеодан кейін кино алаңынан шеттетілді. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Алматы тұрғыны Әлия Бөтеева әлеуметтік желіде актер Шәріп Серіктің қол көтергенін айтып, дәлел ретінде видео мен суреттер жариялады.
Айта кетсек, былтыр көліктегі полиция департаменті Қайрат Нұртастың үстінен «Алматы-Астана» әуе рейсінде ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаған едік.
Кейін соттың қаулысымен Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.