29 жастағы спортшы осы кезеңде 20 матчтың 19-ында жеңіске жетті.
Д.Попко M15 санатындағы жарыстарда үш рет жеңімпаз атанып, біреуінде финалға дейін жетті.
Қазақстандық теннисші Цахкадзорда (Арменияда) екі мәрте үздік атанды. Біреуінде финалда аргентиналық Игнасио Монсонды 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Содан кейін соңғы бәсекеде ресейлік Дмитрий Бессоновты қапы қалдырды – 6:3, 6:2.
Д.Попко Телавиде (Грузия) табысты жолын жалғастырды. Ал Куршумлия-Баняда (Сербия) финалға дейін жетті.
Халықаралық теннис федерациясының мәліметі бойынша 2026 жылы Попко кәсіби деңгейде 43 матчтың 30-ын жеңіспен аяқтады. Соның ішінде топырақ төсенішіндегі 30 кездесудің 23-інде мерейі үстем болды.
Дмитрий Попко кеше аяқталған Телави (Грузия) M15 додасында да сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Қазір ол әлемдік рейтингіде 545-орында тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің қатарынан үш турнирде жеңімпаз атанғанын жазған едік.
Елена Рыбакина Бейжің жарысында жеңіліске ұшырады.