Қазақстандық теннисші Евсеев Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Фото: Фото: ktf.kz

Қазақстандық, әлемнің 226-ракеткасы Денис Евсеев Валенсия (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 363-орында тұрған испаниялық Карлос Табернермен кездесті.

Екі сағат 20 минутқа созылған тартысты матчта Д.Евсеев 7:5, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында 2 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. К.Табернер 10 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жібермеді.

Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 114-інші, доданың 7-ракеткасы, тағы бір испаниялық Педро Мартинеспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Меруерт Каукееваның теннистен төрешінің күміс белгісіне ие болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты.