22:51, 21 Қараша 2023 | GMT +5
Теннис: Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бангалор (Үндістан) ITF W25 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен үндістандық Рутужа Босейл бастапқы кездесуін жергілікті теннисшілер Аканкша Ниттур – Нидитра Раджмоханмен өткізді.
Қазақстандық-үндістандық жұп қарсыластарын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.
Ж.Құламбаева – Р.Босейл жартылай финалға шығу үшін тағы да үндістандық дуэтпен таласады.
Жібек Құламбаева аталмыш турнирде жекелей сында да өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Меруерт Каукееваның теннистен төрешінің күміс белгісіне ие болғанын жазған едік.