Қазақстандық теннисші Тайландтағы іріктеу турнирінің финалына шықты

Фото: ktf.kz

Жібек Құламбаева W50 Nonthaburi турнирінің негізгі топтамасына кіру үшін өткен екінші кездесуінде жергілікті спортшы Пиенгтарн Пилпуечтен басым түсті. Kazinform бұл туралы  JAY Tennis Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу 6:0, 0:6, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. 

Таиландтағы шешуші іріктеу турнирінде Құламбаева қытайлық Лю Фанчжоуға қарсы ойнайды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын WTA-ның жаңартылған рейтингінде Елена Рыбакинаның 3, Анна Данилинаның 44-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик әлемдік рейтингіде ТОП-30-ға жақындады.