Жібек Құламбаева W50 Nonthaburi турнирінің негізгі топтамасына кіру үшін өткен екінші кездесуінде жергілікті спортшы Пиенгтарн Пилпуечтен басым түсті. Kazinform бұл туралы JAY Tennis Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу 6:0, 0:6, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды.
Таиландтағы шешуші іріктеу турнирінде Құламбаева қытайлық Лю Фанчжоуға қарсы ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын WTA-ның жаңартылған рейтингінде Елена Рыбакинаның 3, Анна Данилинаның 44-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик әлемдік рейтингіде ТОП-30-ға жақындады.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.