Қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасында Франциядағы турнирдің финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Даниэль Тазабеков Францияның Больё-сюр-Мер қаласында ұйымдастырылып жатқан ITF World Tennis Tour Juniors санатындағы J300 турнирінің финалына шықты.

Фото: ҰОК

Жұптық сайыстың жартылай финалында Тазабеков пен жапониялық серіктесі Такамаса Кавагути франциялық Марк Доменик пен Дени Жадені 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Финалда Тазабеков пен Кавагути Беларусьтен келген Ричард Лацис пен Ресей спортшысы Савва Рыбкинге қарсы ойнайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Михаил Кукушкиннің Қытайдағы турнирдің 1/8 финалына өткенін жазған едік.