Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5-орнын сақтап қалды.
Қазақстандық теннисші ертең Аустралия ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуін әлемдік рейтингіде 100-орында тұрған словениялық Кайя Юванмен өткізеді.
Юлия Путинцева 105-тен 94-сатыға көтерілді. Аустралия біріншілігін сәтті бастаған Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 60-ракеткасы, франциялық Эльза Жакомомен ойнайды.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыша 14-орында тұр.
Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде Александр Бублик 10-сатыда қалды. Александр Шевченко 104-тен 97-ге шығып, Путинцева сияқты ТОП-100-ге қайта кірді.
Тимофей Скатов 183 ( 12), Бейбіт Жұқаев 261 ( 4), өткен аптада Глазго турнирінің финалына дейін жеткен Михаил Кукушкин 262 ( 31), Денис Евсеев 367-орынға ( 12) ауысты.
Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс бүгін Аустралия ашық чемпионатының алғашқы айналымында әлемнің 26-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен бетпе-бет келді. Зарина барын салғанымен, азулы қарсыласынан өте алмады — 2:6, 4:6.
З.Дияс әлемдік рейтингіде 285-тен 290-ға төмендеген еді. Дегенмен қазіргі сәтте WTA Live рейтингісінде қайтадан 276-орынға шығып тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Шевченко Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.