Қазақстандық теннисшілер Астана турнирінің финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Астана ITF W15 турнирінің финалына жолдама алды.

Фото: ҚТФ

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық жұп барлығы үш кездесуін сәтті өткізді.

Асылжан мен Іңкәр жартылай финалда ресейліктер Валерия Луценко – Дарья Харланованың мысын басты – 7:6 (7:4), 6:0.

Асылжан Арыстанбекова – Іңкәр Дүйсебай финалда ресейлік Мария Шолохова – оңтүстіккореялық Гаыль Чжанмен бас жүлдені сарапқа салады. 

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 664-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы Аружан Сағындықова жекелей сында жартылай финалға өтті. Ол ширек финалда рейтингіде 1 399-орындағы отандасы Іңкәр Дүйсебайды қапы қалдырды – 6:3, 6:3.

Аружан финалға шығу үшін рейтингіде 1 006-сатыдағы таиландтық Камонван Йодпетчпен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Швециядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік.