АСТАНА. KAZINFORM - Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында Дэвис Кубогындағы алғашқы ойын күнінің нәтижесі белгілі болды.
14 қыркүйекте өткен бірінші ойында еліміздің ерлер құрамасынан Александр Бублик Эльмер Мёллерге жеңіліп қалды. Есеп - 6:1, 2:6, 2:6.
Екінші кездесуде ел құрамасынан Александр Шевченко Август Хольмгренге 6:7, 3:6 есебімен есе жіберді.
Енді қалған үш ойын 15 қыркүйекте өткізіледі. Алдымен жұптық сында Александр Недовесов пен Бейбіт Жұқаев Йоханнес Ингилдсен мен Кристиан Сигсгаардпен кездеседі.
Содан кейін Александр Бублик Август Хольмгренмен шеберлік байқасса, Александр Шевченкоға Эльмер Мёллер қарсылас болады.
Айта кетсек, Қазақстан мен Дания кездесуінде жеңімпаз болған құрама 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.