Әлемдік рейтингіде 22-орындағы, қазақстандық Александр Бублик жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген. Бірден екінші айналымнан бастайтын А.Бублик әлемнің 63-ракеткасы, мажарстандық Фабио Марожан немесе рейтингіде 210-сатыдағы тағы бір қазақстандық Тимофей Скатовтың қай жеңгенімен кездеседі.
Турнирге арнайы шақырту алған 18 жастағы Заңғар Нұрланұлы қиындау қарсыласқа тап болды. Ол алғашқы айналымда әлемнің 75-ракеткасы, чехиялық, 26 жастағы Томаш Махачпен сынға түседі. Бұл Заңғардың АТР 250 деңгейіндегі алғашқы додасы болмақ.
Алматыдағы жарыстан кейін спорттық мансабына нүкте қоятын Михаил Кукушкин іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды.
Өткен жылы мұнда ресейлік Даниил Медведев үздік шыққан еді. Биыл ол турнирдің 1-ракеткасы ретінде чемпиондық атағын қорғайды.
Қазіргі кезде Алматыда іріктеу сайыстары өтіп жатыр.
Рейтингіде 618-орындағы, 18 жастағы Әмір Омарханов іріктеудің жартылай финалында әлемнің 137-ракеткасы, жапониялық Рей Сакамотоға есе жіберді — 2:6, 1:6. Сондай-ақ рейтингіде 503-орындағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 98-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтонға жол берді — 1:6, 5:7.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның өзі чемпион атанған турнирде өнер көрсететінін жазған едік.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлың алғаш рет Алматыдағы ATP турнирінде бақ сынайтыны хабарланды.
Юлия Путинцева Қытайдағы турнирді сәтті бастады.