АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық төрешілер UEFA Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде қызмет атқарады.
Қазақстандық Саят Қарабаев «Шкендия» (Македония) мен TNS (Уэльс) арасындағы ойында бас төреші болады. Оған Юрий Тихонюк пен Дмитрий Белоградов көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Арман Исмуратов атқарады.
Матч 15 шілде күні Скопьеде Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.
Биыл еліміздің атынан төрт команда еуолкубок ойындарында ел намысын қорғайды.
UEFA Чемпиондар лигасында алматылық «Қайрат» бақ сынаса, Еуропа лигасында «Ақтөбе», Конференция лигасында «Астана» мен «Ордабасы» жасыл алаңға шығады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.