Қазақстандық төрт гимнаст Болгариядағы Challenge Cup кезеңінде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFROM – Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Варнада (Болгария) өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысады.

Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ұлттық құрама сапына 4 спортшы енді. Төменде жарысқа қатысатын гимнастардың тізімі берілген.

– Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)

– Нұртан Ыдырысов (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, сақина және қоссырықтағы жаттығулар)

– Роман Хегай (ат снаряды, қоссырық және кермедегі жаттығулар)

– Асан Сәлімов (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар)

Айта кетейік, турнир 7-10 мамыр аралығында өтеді.

Бұған дейін ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болғанын жазған едік.