Е тобындағы екінші матчында қазақстандық жұп Оңтүстік Корея өкілдері Пэ Ин Хо мен Ё Мин Суға қарсы ойнады.
Богату мен Гурин 2:0 (21:10, 21:10) есебімен жеңіске жетті.
Бұл – қазақстандық жұптың турнирдегі екінші жеңісі. Бұған дейін олар Индонезия өкілдері Имам Ахмад Файсал мен Файруз Байхаклиді 2:1 (22:24, 21:19, 15:12) есебімен ұтқан болатын.
Екі кездесуден кейін қазақстандықтар екі жеңіске ие болып, 1/8 финалға шығу жолындағы күресін жалғастыруда. Келесі кезеңге топтағы үздік екі команда жолдама алады.
Е тобында гонконгтық жұп та өнер көрсетеді.
Айта кетелік семсерлесуден Ғалым Нұрымов Азия ойындарындағы 3-кездесуін өткізген еді.