Семсерлесу: Ғалым Нұрымов Азия ойындарындағы 3-кездесуін өткізді
АСТАНА. KAZINFORM — XX жазғы Азия ойындарында семсерлесудің рапира бағдарламасында ерлер арасындағы іріктеу өтіп жатыр.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше отандасымыз Ғалым Нұрымов алғашқы айқаста Чи чи Ченді (Қытайдың Тайпейі) 5-3 есебімен жеңді.
Келесі кезеңде Шыңғыс Нармандахтан (Моңғолия) 5-1 есебімен айласын асырды. Алайда 3-сында Үндістан өкілі Сачинге аса тартысты бәсекеде есе жіберді. Есеп: 3-5.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Айта кетелік Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шыққан еді.