Қазақстандық Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш топтық кезеңдегі кезекті кездесуінде ганалық Джастис Амоафо мен Даниэль Лартиге қарсы ойнады.
Отандастарымыз екі сетте де басым түсті. Алғашқы кезең 21:19 есебімен аяқталса, екінші сетте қазақстандық жұп 21:13 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші жеңісін тіркеді.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар топтық кезеңде Сауд Арабиясының құрамасын жеңген болатын.
Айта кетейік, қазақстандық жұп алғашқы кездесуінде Сауд Арабиясының өкілдері Вафи Әл-Джасир мен Али Әл-Авамиді 2:0 (21:13, 21:7) есебімен жеңген болатын. Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпиондары атанған.