Леуварден (Нидерланд) қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, 3 мың метрлік эстафетада бақ сынаған қазақстандық қыздар мәре сызығын үшінші болып қиды.
Аталмыш додада ел намысын Алина Әжіғалиева, Зейнеп Құмархан,
Анастасия Астраханцева, Гүлдана Жалмұхан, Полина Омельчук қорғады.
Эстафеталық жарыста оңтүстіккореялықтар жеңімпаз атанса, Нидерланд құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Шорт-тректен БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Максим Лозовойдың айтуынша, батысқазақстандық Алина Әжіғалиева ересектер арасында да сынға түсіп келеді. Ол биыл Канаданың Лаваль қаласында шорт-тректен өткен төрт құрлық чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізген еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан әйелдер құрамасының шорт-тректен төрт құрлық чемпионатында үздік үштікке енгенін жазған болатынбыз.
Батыс Қазақстанда олимпиадалық спорт түрлеріне қаншалықты көңіл бөлініп отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).