АСТАНА. KAZINFORM – Филиппинде 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен Азия жекелей чемпионаты мәресіне жетті.
Аталмыш жарысқа Азия теннис федерациясынан арнайы шақырту алған Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қатысып, Қазақстан намысын қорғады.
Жарыс қорытындысында Ясмин Дүйсембаева үшінші орын алып, қола медальға қол жеткізді. Бұл табыс оған алдағы жылы Аустралия ашық чемпионатының екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under турнирінде бақ сынауға жақсы мүмкіндік береді.
Қазақстандықтардан Elite Junior Trophy 14 & Under додасында Альбина Кәкенова 2023 жылы, Ева Корышева өткен жылы финалға дейін жетті. 2025 жылы Родион Трайгель қатысып қайтты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Қытайдағы турнирде бас жүлде үшін таласатынын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).