АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, 19 жастағы Аружан Сағындықова Лопота (Грузия) ITF W50 турнирін жеңіспен бастады.
WTA рейтингісінде 809-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін грузиялық Анамария Курцикашвилимен өткізді.
Аружан қарсыласын 6:0, 6:4 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды.
Аружан Сағындықова ширек финалға шығу үшін әлемнің 461-інші, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Кира Павловамен шеберлік таластырады.
Ол алғашқы айналымда отандасы Евгения Бурдинаны 6:4, 7:6 (8:6) есебімен жолдан тайдырды.
Аталмыш дода 5 мамырда мәресіне жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Мадридте камбэк жасап, төртінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).