Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Мысырдағы турнирде табысты өнер көрсеткен Әмір Омарханов жекелей сында бірден 42 сатыға жоғары көтеріліп, 57-орынға жайғасты.
Сондай-ақ Даниал Рахматуллаев 114-ке ( 2), Виталий Зацепин 154-ке ( 16) шықты. Ерасыл Ерділдә – 234, Ілияс Маратұлы – 244, Заңғар Нұрланұлы 331-сатыда тұр.
Қыздар арасында Асылжан Арыстанова көрсеткішін едәуір жақсартып, 85-тен 66-ға жоғарылады. Айя Нұпбай – 204, Полина Слепцова 230-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдегі үздік теннисші атануға үміткерлер қатарына кіргенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).