Барселонада өткен STEM халықаралық олимпиадасында Иса Қожасбай ғылым мен математика пәнінен үздік үштікке ілікті. Атап айтқанда, математика пәнінен екінші (silver) орын және ғылым science бойынша үшінші (bronze) орын алды.
- Биыл тағы да Отанымның намысын қорғап, үздік үштіктің қатарынан көрінгеніме қуаныштымын. Халықаралық білім додаларында елімнің намысын қорғағанымды мақтан тұтамын. Әлі қазақтың байрағын талай рет желбіретемін, - дейді дарынды оқушы.
Айта кетейік, International STEM Olympiad биыл бесінші рет өткізілді. Оған әлемнің 130 елінен 1700-ден астам оқушы мен 38 мың студент қатысты.
Олимпиадаға қатысушылар төрт бағытта бақ сынады: ғылым, технология, инженерлік іс пен математика.
Осыған дейін қазақстандық оқушылардың Барселонадағы байқауда 13 медаль еншілегенін жаздық.