АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, яғни, дүйсенбіге түсіп тұр. Оразадан 70 күннен кейін тойланатын мұсылмандардың қасиетті мерекесі күнтізбеде қызыл күнмен белгіленген.
Сәйкесінше, қазақстандықтар 15, 16 және 17 маусымда қатарынан 3 күн демалады.
Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.
Еске сала кетейік, құрбандыққа шалатын малға және союға қатысты қойылатын арнайы талаптар бар.
Оралхан Қожанов
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.