Ұлттық жобаның бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ білім беру кеңістігінің атмосферасы мен үйлесімділігін шолуға мүмкіндік беретін 3D-үлгіні ұсынып отыр.
Оның көмегімен жайлы мектептердегі сынып, дәліз, вестибюль, спорт залдары және асхананың қалай рәсімделетінін таңдауға қатысуға болады.
Виртуалды саяхат оқушыларға, ата-анаға, мұғалімдер мен қызығушылық танытқан азаматтарға жайлы мектептердің ішкі интерьерімен танысып, пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Одан бөлек, қазақстандықтар арнайы сауалнамаға қатысып, ұсыныстар бере алады.
Пікірлер мен ұсыныстар биыл 10 мамырға дейін қабылданады.