16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні елімізде мемлекеттік мереке саналады. Бұл күні бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар барлығы демалады.
Желтоқсанда демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған. Сондықтан 16 желтоқсан ғана қосымша демалыс күні болады.
Бес күндік жұмыс кестесі бойынша желтоқсанда 8 күн сенбі мен жексенбіге түседі. Оған Тәуелсіздік күнін қосқанда, қазақстандықтар барлығы 9 күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер желтоқсанда 4 жексенбі және 16 желтоқсандағы мерекені қосқанда, барлығы 5 күн демалады.
Айта кетейік, 19–21 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, солтүстік өңірлерде көктайғақ болатыны хабарланды.