НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтетін «Forte Challenger 100» турнирінің негізгі додасына қазақстандық үш теннисші арнайы шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ұйымдастырушылар Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Достанбек Ташболатовқа осындай мүмкіндік берді.
Жиырма жастағы Д.Ташболатов – Team Kazakhstan академиясының түлегі. 2017 жылдың аяғында ол 18 жасқа дейінгілер арасындағы ресми емес әлем чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Достанбек Orange Bowl турнирінің финалына дейін жетіп, Australian Open жасөспірімдер турнирінің негізгі додасына жолдама алды. Алайда жарақаты Аустралияда өнер көрсетуіне мүмкіндік берген жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада 21-28 ақпанда және 28 ақпан мен 7 наурыз аралығында ATP Challenger Tour сериясында халықаралық турнирлер өтетінін жазған болатынбыз.
Бұл жарыстарға Қазақстаннан Михаил Кукушкин бастаған теннисшілер қатысады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).