«Бүгін қазақ спортшыларының шын жанкүйері әрі қолдаушысы болып жүрген Қайрат ағамыз тосынсый жасап, Тойота темір тұлпарын тарту етті! Бұл жалпы қазақ жігіттеріне көрсетілген құрмет деп қабылдадым!» - деп жазды боксшы парақшасында.
Айта кетсек, қазақстандық кәсіқой боксшы Гавайан Гарденс (Калифорния штаты) қаласындағы бокс кешін 37 жастағы аргентиналық Родольфо Эзикель Мартинесті (43-8-3, 16 КО) жеңген болатын. Ол америкалықты жеңіп, алғашқы титулына қол жеткізген еді.
Айта кетерлігі, Мадияр Әшкеевті АҚШ-та қазіргі таңда белгілі бапкер Бадди Макгирт дайындап жатыр.