Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров NBA нұсқасы бойынша, жартылай орташа салмақта әлем чемпионы титулының иегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Нью-Йорктегі кеш аясында Жанқош қарсыласы болған бразилиялық Хаоким Карнейроны бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл Тұраровтың кәсіби рингтегі 18-ші жеңісі болды.