«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКтонтакте парақшасынан хабарланғандай, екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы (11-0, 8КО) мен орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5КО) 14 тамызда Сиднейде шаршы алаңға шығады. Олардың қарсыластары жақында анықталмақ.
«Айдос Ербосынұлы екінші деңгейлі WBO Global, WBC Asia мен WBA Inter-Continental титулын, Жаңабаев WBA Inter-Continental белдігін қорғайды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, боксшылардың екеуі де соңғы айқасын 24 наурызда Алматыда өткізген еді. Almaty Arena спорт кешенінде өткен бокс кешінде амибиялық боксшы Лукас Ндафолуманы (15-1, 6 КО) жеңді.
Ал Нұрсұлтан Жаңабаев венесуэлалық 25 жастағы Иван Матутеден айласын асырды.