Мемлекет басшысы құттықтауында бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашалағанын, қазақ боксшылары жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткенін айтты.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді алтын медальмен құттықтаймыз. Барлық қазақстандықтарға жанкүйер болғаны үшін алғыс айтамыз. Алға, Қазақстан!»,-деді боксшылар.