АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сессияда 1/8 финалда қазақстандықтардан рингке алғашқы болып 48 келіге дейінгі салмақта жастар арасында әлем чемпионы, ерлер арасында Азия біріншілігінің жеңімпазы Санжар Тәшкенбай шықты. Санжар төрешілердің бірауыздан шешімімен қырғызстандық Анваржан Ходжиевті ұтты.
Тағы бір қазақстандық, ересектер арасында әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Махмуд Сабырхан 57 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловпен жұдырықтасты. Махмуд та айқын басымдылықпен жеңді – 5:0.
Бокстан Азия чемпионаты 27 қаңтарға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қатысатын бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының кестесі анықталғанын жазған едік.
Сондай-ақ, қазақстандық қыздардың қарсыластары анықталды.
Қазақстандық 10 боксшы Азия чемпионатының жүлдегері атанып үлгерді.
Фото: sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).