ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Талғат Орынбасар Босния және Герцеговина астанасы Сараевода дзюдодан кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Ол қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Сардор Химматовты жеңді.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына екінші қола медаль түсті.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы – Бақытжан Төребеков.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қола алғанын жазған болатынбыз.
Фото: instagram.com/kaz_judoteam/
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).