Бұл үшін Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ұзақмерзімді келісімшарты бойынша, аванстық төлем - келісімшарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде.
«Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен шарт сомасының 50 пайызы мөлшерінде аванс төлеу бойынша қосымша келісімшарт жасалды. Айта кету керек, бұрын аванс көлемі 30 пайыз болатын, ал қазақстандық ғалымдар қаржыны тек наурыз-мамыр айларында алатын да, жобаны іске асыруға 5-7 ай уақыт жұмсайтын» делінген хабарламада.
Соның арқасында ғалымдар қаңтарда қаржыны ала салысымен жобаларын Аталған іс-шара жылдың басынан бастап шарт талаптарына сәйкес ғалымдарға сапалы және толық көлемде міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ қазірдің өзінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жобалар мен бағдарламалардың орындаушыларына еңбекақы төлеуге мүмкіндік береді. Ғалымдар жобаларын 10 айда іске асырады.