Келесі жекпе-жегінде Садриддин Ахмедов WBA Continental чемпионы титулы үшін нидерландтық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек Мексиканың Куэрнавака қаласында өтеді.
Залда жаттығып жүрген Садриддин дайындық барысын видеоға түсіріп, өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Алдағы айқасқа дайындық қызу жүруде!», - деп жазды спортшы.
Айта кетейік, бұл – Ахмедовтың 2019 жылғы желтоқсаннан бергі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Бір жыл бұрын Садриддин аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (13-6-2, 8 КО) нокаутпен жеңген болатын.