​​Қазақстандық қажылар Сауд Арабиясына келді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық алғашқы қажылар Сауд Арабиясына келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап.

«30 шілдеде Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд АрабиясыКорольдігі) Консулдығының қызметкерлері Жидда халықаралық әуежайында«Шымкент-Жидда» және «Ақтау-Жидда» бағыттарымен ұшып келген 198 адамнан тұратынқазақстандық қажылардың алғашқы екі тобын күтіп алды. Жалпы алғанда, САКҮкіметі бөлген квота бойынша биылғы жылы 3,2 мың отандасымыз Корольдіктерриториясындағы қасиетті жерлерге зиярат жасау мүмкіндігіне ие. Үлкен қажылықмерзімі 9-13 тамыз аралығына сәйкес келеді», делінген хабарламада.

Биылғыжылы, әдеттегідей, қазақстандық қажыларды Корольдіктегі Жидда мен Мединақалаларына Нұр-Сұлтаннан, Алматыдан, Шымкенттен және Ақтаудан отандық жәнесаудтық «SCAT» және «FlyNas» әуекомпаниялары, сәйкесінше, бірлесіптасымалдайды.

Атапайтқанда, САК авиациялық билік орындарымен алдын ала келісілген кестеге сәйкес,азаматтарымыздың Сауд Арабиясына келу мерзімі 30 шілдеге, қайту мерзімі - 17тамызға белгіленген. Қазіргі уақытта қажылық маусымы кезінде арнайы режімдежұмыс істейтін консулдық еліміздің Эр-Рияд қаласындағы елшілігінің жалпыүйлестіруімен қазақстандық қажыларды қабылдау, оларға қажылық рәсімдерін өтукездерінде қолайлы жағдай жасау, Корольдікте болу кезеңдерінде қауіпсіздіктерінқамтамасыз ету, сондай-ақ оларды елге уақтылы жеткізу мәселелерімен тікелейайналысуда. Осы мақсатта Сауд Арабиясының «Қажылық-2019» маусымына жауаптыүкіметтік және авиациялық билік орындарымен тікелей байланыс орнатқан.

Жалпы,Жидда мен Медина қалаларында қажыларды күтіп алу мен шығарып салу консулдықтарапынан дипломаттардың кезекшілік кестесі негізінде қатаң түрде жүзегеасырылады. Корольдіктің жоғарғы оқу орындарында білім алудағы қазақстандықстуденттер де бұл жұмысқа жиі жұмылдырылып отырады. Консулдық тарапынан қажыларарасында тұрғылықты елдің заңдылықтарын сақтау, түрлі жұқпалы аурулардың(тұмау, менингит) алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуынамән беру, жергілікті салт-дәстүрлерге құрметпен қарау және т.б. мәселелер бойыншатиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Меккемен Медина қалаларының орталық штабтарында қазақстандық «Қажылық-миссиясы»ұйымдастырған стационарлық бөлімшелер тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Олардақазақстандық дәрігерлер тарапынан қажыларға алғашқы медициналық көмек беріледі.

Еске сала кетсек, биыл СаудАрабия билігі биылғы қажылыққа виза алу жолын оңтайландырды. Әлемнің әртүкпірінен баратын азаматтар енді қажылық визасын электронды жүйе арқылы алады.

Айта кетерлігі, СаудАрабиясы Корольдігінің қажылық істері бойынша министрлігі 2018 жылы Қазақстанғақажылық сапар үшін 3 мың квота бөлген болатын.

Соңғы жаңалықтар