Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, оқу-жаттығу шаралары 2017 жылғы 9-10 қараша аралығында өтеді.
Жаттығудың басшылық штабы Ақтөбе қаласында орналасады, ал басшысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин.
Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.
«Қыс-2017» оқу-жаттығуы аясында республика бойынша төтенше жағдайларды жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша іс-әрекеттерді пысықтау үшін арнайы-тактикалық жаттығулар өткізіледі.