Еске сала кетсек, Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық әріптестерінен Ыстықкөл облысында тікұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін көмек сұраған еді.
«Қырғызстан тауларында Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақта 9 альпинист (Жапония, Польша азаматтары), үш экипаж мүшесі және бір нұсқаушы болған. Оларды эвакуациялау үшін қырғызстандық тарап бізден әуе кемесін жіберуді сұрады. Премьер-министрмен келісе отырып, апат орнына «Қазәуеқұтқару» АҚ Ми-171 тікұшағын жібердік. 15:25-те қазақстандық құтқарушылар мұздықтан түсірілді және жақын орналасқан Қырғызстан Республикасының елдімекеніне жеткізілді», - деп жауап берді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына.
Комитет төрағасының айтуынша, Қырғызстанға 4 қазақстандық құтқарушы жіберілген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Тікұшақ апатының себептерін қырғызстандық тарап анықтайды.