«Астана қалалық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел жұмыстарының нәтижесінде елордада Оңтүстік Кореяның 1 азаматы мен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Олар қыздарды алдап, кейіннен жыныстық құлдыққа салу үшін шетелге жіберумен айналысқан. Шетелдік қылмыстық топтың серкесі болып шықты», - деді Алмас Садубаев.
13:35, 03 Мамыр 2018
Қазақстандық қыздарды шетелде жыныстық құлдыққа салмақ болған оңтүстіккорейлік ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық қыздарды шетелде жыныстық құлдыққа салмақ болған оңтүстіккорейлік ұсталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.