Зияткерлік жарысқа әлемнің 23 елінен командалар қатысты. Еліміздің атынан білім сайысына Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларының мектептерінен 8 оқушы түсті. Олардың барлығын тәжірибелі педагогтер дайындады. Енді олар басқа да жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстандық жеткіншектерді алда жаңа халықаралық байқаулар күтіп тұр.
Азия олимпиадасына қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында құттықтады. Министр оқушыларға жаңа биіктерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Дінмұхаммед Рахимжанов, Рауан Қалдыбаев, Антон Драганчук, Даниил Шатохин, Владимир Лим, Жалғас Сайлаубай.