Қазақстандық өрендер халықаралық олимпиадада 2 алтын, 3 күміс медаль еншіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша Саха Республикасында (Якутия) өткен халықаралық «Туймаада» олимпиадасынан Қазақстан құрама командасы жүлделі оралды. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің құрама команда 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңімпаздар қатарында Айбек Мырзатаев (Атырау қаласыдарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты) пен Рауан Қалдыбаев(Нұр-Сұлтан қаласы «Республикалық физика-математика мектебі») алтын медальжеңіп алып, жасөспірімдер лигасындағы абсолютті жеңімпаз атанды. Ал, АрманУразгулов (Алматы қаласы Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі), ИсламханСерікбаев (Қызылорда қаласы облыстық дарынды балаларға арналған №9«Білім-инновация» лицей-интернаты) және Дінмұхаммед Тұрсынбай (Алматы қаласымамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты) күміс медаль иеленді. Алексей Янченко (Алматы қаласы «Республикалықфизика-математика мектебі») мен Кибриянур Абдугафарова (Шымкент қаласы № 2дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты) қола медальдімісе тұтты.

Олимпиадада Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран,Тәжікстан және Қазақстаннан 154 оқушы бақ сынады. Қазақстаннан олимпиадағажалпы саны 17 оқушы қатысты.

Олимпиада екі күн бойы жеке біріншілікте төрт пәнбойынша, атап айтқанда математика, физика, химия және информатика пәндеріненекі турда өтті.

Соңғы жаңалықтар