Продюсер картинаның Торонтодағы кинофестивальге қатысуы Оскар сыйлығын алуға үмітті арттыра түсетінін айтты: «Егер Торонтодағы кинофестивальге қатыссаң, «Алтын глобусты» алуға мүмкіндігін артады, ал «Алтын глобус» Оскар сияқты маңызды сыйлық».
«Жат» фильмінің түсірілімі өткен жылы аяқталған. Фильм сюжетіне бір адамның өткен ғасырдың 30-шы жылдары бала кезінде тауға кетіп тіршілік етуі негіз болған.
Сценарий авторы және режиссёр - Ермек Тұрсынов. Қоюшы-оператор Мұрат Әлиев, қоюшы-суретші - Александр Ророкин, композитор - Қуат Шілдебаев. Басты рөлдерде Ержан Нұрымбет, Элина Абайқызы, Қуандық Қыстықбаев, Александр Карпов, Роза Хайруллина, Ерболат Тоғызақов ойнады.
«Жат» - Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық фильм. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруде кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен.