Жаттықтырушылар чемпионатқа дайындық және Индонезия, Черногория, Исландия, Перу және Ливан елдерінің өкілдерінен келесі жылы осы мемлекеттердің командаларын дайындауға қатысты ұсыныстар түскені туралы айтты.
«Бізде робототехника қарқынды дамып келеді. Мұндай ұсыныстардың түсуі – жұмысымыздың нәтижесінің, еліміздің робототехника саласындағы жоғары жетістіктерінің көрсеткіші. Балалардың осы бағытқа қызығушылығы жоғары. Мектептерде робототехника кабинеттері ашылып жатыр. Министрдің бірден балаларға хабарласып, арнайы құттықтағанына қатты қуандық. Министрліктің оқушыларды робототехникаға тартуға қолдау көрсетіп, осы қозғалысты дамытып жатқаны қуантады», - деді Нұрдәулет Досмағамбет.
Атап айтқанда, Ұлттық құрама жаттықтырушылары Қазақстанда робототехниканы одан әрі дамытуды көздеп отыр. Осы орайда, министрмен бірге мұғалімдер осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды талқылады. Асхат Аймағамбетов 2023 жылы робототехникадан ауқымды халықаралық жарысты өткізуді қолдады.
Соңғы жылдары елімізде 3 мыңға жуық робототехника кабинеті ашылды. Кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен, оқу жинақтарымен және оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген.
Ашық көздерден алынған фото