АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 шілде күні Алматы уақытымен сағат 15:30-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 879 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 11.1.
MPV магнитудасы – 4.7.
Бағыты – 36.85° с.е. 70.78° ш.б.
Тереңдігі – 155 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.