АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 5 қыркүйек күні Астана уақытымен 06.08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 400 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жатыр.
«Энергетикалық санаты – 10.0. MPV магнитудасы – 4.6. Эпицентр координаттары – 40.93° с.е. 73.16° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.